Президент әкімшілігі Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

Салтанатты шараға президент әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу мен президент әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева қатысты.

Нұр-Сұлтанда Рахымжан Қошқарбаевтың ескерткіші 2016 жылы ашылды.

11 метрлік ескерткіш Бауыржан Момышұлы мен Рахымжан Қошқарбаев даңғылдарының қиылысында орналасқан.

Ол салмағы 60 тонналық тұғыр мен салмағы 3 тонналық халық батырының қола мүсінінен тұрады. Мүсіндік композицияның биіктігі 6 метр, ал гранит тұғыры 4,5 метр.

Фото: Президент әкімшілігінің баспасөз қызметі