Салтанатты шараға президент әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу мен президент әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева қатысты.
11 метрлік ескерткіш Бауыржан Момышұлы мен Рахымжан Қошқарбаев даңғылдарының қиылысында орналасқан.
Ол салмағы 60 тонналық тұғыр мен салмағы 3 тонналық халық батырының қола мүсінінен тұрады. Мүсіндік композицияның биіктігі 6 метр, ал гранит тұғыры 4,5 метр.