Азаматтық белсенділер жиында референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабы құрылғанын хабарлады.
Штабтың үйлестірушісі болып Қазақстан мәслихаттары депутаттарының республикалық бірлестігі белгіленді. Оның жетекшісі Төлеубек Мұқашев болды.
Республикалық штаб конституциялық реформалардың негізгі ережелерін кеңінен түсіндіруді ұйымдастырумен айналысады.
Жұмыс еліміздің барлық өңіріндегі әртүрлі атаулы топтармен жүргізіледі.
Бұл үшін республикалық штабқа кірген ұйымдардың желілік құрылымын ескере отырып, оның өкілдіктері барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс істейді.
Брифинг барысында республикалық штабтың қоғамдық күштерге, ел азаматтарына алдағы референдум аясында азаматтық белсенділік танытуға шақырған үндеуі таратылды.