Алдағы үш күнде боран соғады

«Қыстың соңғы айы ақпанда кей жерлерде қар жауып, боран соғады, қатты жел болатын күндер саны көбірек болады деп күтілуде. Карск теңізі аудандарынан келетін циклонның ту сыртына арктикалық ауа ағынынан туындаған күрт және едәуір суық келеді. Ауа температурасы климаттық нормадан 5-10 градусқа төмен болады деп күтіледі», — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК мамандары.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте еліміздің көптеген облыстарында атмосфералық фронттарға байланысты қатты қар жауып, бораннан көріну айтарлықтай нашарлайды. Ал оңтүстік облыстарда күшті жел мен тұман, циклон әсерінен көктайғақ және ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі.

ДереккөзTengrinews.kz