Басты бетҚоғамАлматыда биылғы...

Алматыда биылғы Жеңіс күніне 75 майдангер жетті

Мұны Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Соғыс ардагерлеріне теңестірілген 1 592 тұрғынға және басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының 2 870 ардагеріне 100 мың теңге мөлшерінде бірреттік  материалдық көмек берілді.

Тізімге соғыс кезінде тылдағы қажырлы еңбегі үшін ордендермен және медальдармен марапатталған 9 370 тыл еңбеккері, сонымен бірге соғыс ардагерлерінің 455 жесірі кірді. Олардың әрқайсы 50 мың теңгеден алды.

Жеңіс күніне орай материалдық көмек Алматы әкімдігі бекіткен тізім бойынша өтініш талап етілмей төленген. Бірреттік төлемді барлығы 14 362 адам алған.