Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлері қанша теңгеден алады?

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Руслан Сәкеев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлімдеді.

Ардагерлерге бір жолғы материалдық көмек көрсету дәстүрге айналды. Осыған сәйкес, Жеңіс күніне орай жергілікті атқаруы органдар тарапынан сомасы 5 миллиард 400 миллион теңге біржолғы көмек көрсету қаражаты қарастырылған, — деді вице-министр.

Бұл қаражат мына адамдарға біржолғы көмек ретінде беріледі:

  • екінші дүниежүзілік соғысының қатысушылары мен мүгедектері – 381 адам;
  • қоршаудағы Ленинград тұрғындары – 92 адам;
  • бұрынғы концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындары – 212 адам;
  • екінші дүниежүзілік соғысының қайтыс болған мүгедектерінің әйелдері (күйеулері) – 3 221 адам;
  • екінші дүниежүзілік соғысы кезінде қаза тапқандардың жесірлері – 6 адам;
  • тыл еңбеккерлері — 74 116 адам;
  • екінші дүниежүзілік соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген басқа тұлғалар – 20 111 адам.