Tengrinews.kz порталындағы онлайн-акция «Жеңімпаздар» жобасы аясында оқырман анкетасын жіберген батырлармен таныстырады. Жоба мен акция биыл Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өтеді.
«Жеңімпаздар» — 2014 жылғы 9 мамырдан бастап Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері туралы 3,5 мыңнан аса оқиға жарияланған жоба. Қазақстан мен өзге елдердің оқырмандары жарты ғасырдан аса уақыт бұрын майданға аттанған аталары, әжелері, достары туралы ақпарат жібереді.
Жоба оқырмандарды Қазақстанның белгісіз әрі танымал емес батырларымен таныстырады, ардагерлердің туыстарына соғыстан кейін байланысы жоғалған жақындарын табуға көмектеседі.
Ардагер Василий Гладышевтің қызы «Жеңімпаздар» жобасының арқасында әкесі туралы біліп, Павлодардан жаңа туыстар тапты.
2018 жылы жоба аясында бір әйел Tengrinews.kz сайтына ардагер әкесі туралы ақпарат жариялайды. Бұл анкетаны көрген Василий Гладышевтың немересі жауап берген.
Бір жыл бұрын үндеуім жарияланғанын көрдім, бірақ менің арманым әкемнің тағдыры туралы білуіме септігін тигізеді деп ойламадым. Міне, менің 70 жылдық мерейтойым күні жауап келді. Мені әкемнің немересі тапты. Сіздерге өзімнің, ағамның, балаларымның және немерелерімнің, барлық туысымның атынан бей-жай қарамағандарыңыз, игі істеріңіз үшін алғысымды білдіргім келеді. Үлкен жұмыс істедіңіздер. Бұл біздің ұрпақтарымыз үшін маңызды», — деп соғыс ардагерінің қызы.
Жоба аясында қазақстандық ардагерлердің ұрпақтарына видеоүндеулер түсірілді. Жоба кейіпкерлері соғысқа қатысқандар өте жас болса да, барлық қасіретті көргенін еске алады. Ардагерлер жастардың кішіпейіл және адал болуын тіледі.
«Жеңімпаздар» жобасына арналған ардагерлердің ерліктері туралы оқиғаларды + 7-70-09-05-1945 WhatsApp арнайы нөміріне жіберуге болады. Сюжетті жіберген кезде ардагердің аты-жөні, туған күні, туған жылы және туған жері, атағы, әскердегі тегі сияқты толық мәліметтерін көрсету керек, сонымен қатар бірнеше суретін тіркеуі қажет. Батырлардың жақындары сайтта анкета толтыра алады.
