Жазда Алакөлге қосымша пойыздар жүреді

Алакөлге мынадай бағыттар қатынайды:

№221/222 Алматы — 2-Достық (коммерциялық) пойызы аптасына 3 рет Алматы-2 вокзалынан 2022 жылдың 15 маусымынан 31 тамызына дейін сәрсенбі, жұма, дүйсенбі күндері қатынайды; Достықтан пойыз 2022 жылдың 16 маусымынан 1 қыркүйегіне дейін бейсенбі, сенбі және сейсенбі күндері жүреді;

Нұр-Сұлтан — 1-Достық бағытындағы №258/257 пойызы Нұр-Сұлтан–1 вокзалынан аптасына 2 рет 2022 жылдың 16 маусымынан 28 тамызға дейін бейсенбі және жексенбі күндері; Достықтан — 2022 жылдың 17 маусымынан 29 тамызға дейін жұма және дүйсенбі күндері қатынайды.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға BILET.RAILWAYS.KZ сайты арқылы онлайн-билет рәсімдеуді ұсынады. «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасын да пайдалануға болады. Егер билеттер болмаса, «күту парағы» функциясын таңдау керек,- деді «Қазақстан темір жолы» баспасөз қызметі.