«Алматы арена» мұз кешені — Алматыдағы балалар мен ересектер көп баратын спорт және мәдениет сарайының бірі. Мұнда жүзу, күрес, баскетбол, коньки, би, вокал және басқа да үйірмелер бар. Бұл орталықтың тағы бір ерекшелігі — балалар мен жасөспірімдер үйірмелерге тегін қатысады.

10.00-де спорт кешенінде жүзу бойынша спорт секциясы басталды. Балалар жүзуге арналған спорттық киімін киіп, суға сүңгіп кетті. Алматы спорт басқармасының бас маманы Дайыр Ақанаевтың айтуына қарағанда, балалармен жоғары білімі бар кәсіби бапкерлер жұмыс істейді.

Мұнда балалардың кейбірі өз ақшасына, кейбірі мемлекеттік бағдарлама бойынша тегін қатысып жүр. Оларды ешкім бөліп-жармайды. Барлығы бір бапкермен бір уақытта, бірдей деңгейде жаттығады, — дейді маман.

бассейн
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
бассейн, Алматы арена
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
бассейн
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
бассейн, Алматы арена
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Сонымен бірге жүзу спортына мүгедектігі бар балалар да көп қатысады екен. Олардың ішінде бұл спорт түріне ваучер (мемлекеттік меншікке қатысу құқығын куәландыратын құжат) арқылы келгендері де бар.

Жалпы жүзу спорты денсаулық, бұлшықеттің шымыр болуына өте пайдалы. Сол себепті бұл спорт түріне мүгедектігі бар балалар көп қатысады. Балалар әртүрлі: бірінің көзі нашар көрсе, енді бірінің есту қабілетінде кінәрат бар. Олар бапкермен жеке жаттығады, мұндай төрт топ бар, — дейді маман.

бассейн
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
бассейн
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Дәл осы уақытта басқа бөлмеде дзюдодан жаттығу өтіп жатты. Қатысушылар — 7-13 жас аралығындағы балалар. Жаттықтырушының сөзінше, бір сабақ бір жарым сағатқа созылады.

Өзім 15 шақты балаға сабақ беремін. Негізі дзюдоға қыздар мен ұлдар бірге келе алады, бірақ қыздардың саны аз, — дейді жаттықтырушы Қуаныш Тілеугенов.

дзюдо, спорт, күрес
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
дзюдо, спорт, күрес
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
дзюдо, спорт, күрес
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
дзюдо, спорт, күрес
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
дзюдо, спорт, күрес
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
дзюдо, спорт, күрес
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
дзюдо, спорт, күрес
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Тегін үйірмелерге Қазақстанның барлық өңіріндегі 7-17 жас аралығындағы кез келген бала мен жасөспірім жазыла алады. Оларға ешқандай талап қойылмайды. Барлық баланың үйірмеге қатысу мүмкіндігі бірдей. Олардың жынысына, әлеуметтік жағдайына басымдық жасамайды, бәрі кезек бойынша реттеледі.

Дегенмен әр бала екі үйірме түрін ғана таңдай алады. Үйірмеге тегін қатысу үшін ата-ана Artsport.edu.kz порталына өзінің және баласының жеке дерегін енгізіп, электрон кезекке тұруы қажет.

Өкінішке қарай, қазір тегін секция мен үйірмеге кезекте тұрған баланың саны білмейміз. Портал әзірлеушілері жүйе жұмысын жақсартса, болашақта нақты қанша бала үйірмелерге қатысуға ниетті екенін көріп, соған қарай қаражат та бөлінер еді, — дейді Дайыр Ақанов.

шахмат
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
шахмат
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
шахмат
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
шахмат
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
шахмат
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
шахмат
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Алматы спорт басқармасының бас маманының айтуынша, мемлекеттік бағдарлама аясында Алматыда 37 спорт түрінен 500-ге жуық секция бар.

Бүгінде спорт және шығармашылық секцияларына 100 мыңнан астам бала, оның ішінде спорт бойынша 44 000 бала, шығармашылық бойынша үйірмелерге 56 000 бала тегін қатысып отыр, — дейді ол.

домбыра, домбыра студиясы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
өнер мектебі, үйірме
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
өнер мектебі, үйірме
Фото: Бақдәулет Әбдуалы