Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, жұмыс істеуге рұқсат берілгендер бірнеше санатқа бөлінеді:

  • басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 639 рұқсат (бірінші санат);
  • құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 3 150 рұқсат (екінші санат);
  • мамандар үшін 8 115 рұқсат (үшінші санат);
  • білікті жұмысшылар үшін 825 рұқсат (төртінші санат).

Сонымен бірге аусымдық жұмыстарға 1 197 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 352 адам тартылды.

Қазір Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 683 жұмыс беруші бар. Оларда 429 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді. Бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%, — делінген ақпаратта.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 685 адам; Түркия – 1 977 адам; Үндістан – 1 268 адам; Өзбекстан – 1 195 адам; Сербия – 1 109 адам.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетелдік мамандарды тартуға квота бөледі. Биыл квота саны 28 352-ден 23 560-ге дейін, яғни 4 792 адамға қысқарды.