Шымкент бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Шымкент полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығына қатысты қызмет бабын пайдалана отырып алаяқтық фактісі бойынша (Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша) сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, — делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан хабарламада.
2022 жылғы 25 сәуірде Мұхтар Бұхарбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарына қарағанда, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы бойынша жария етілмейді.