Басты бетҚоғамБақтияр Мәкен...

Бақтияр Мәкен Nur Media холдингінің басшысы болды

Nur Media холдингінің бас директоры лауазымына Бақтияр Мәкен тағайындалды, — делінген хабарламада.

Бақтияр Мәкен 1981 жылы 22 қарашада дүниеге келген. Қазақ ұлттық аграрлық университетін және «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-тың Монтана университетін бітірген.

Бұған дейін Алматы жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы, ішкі саясат басқармасының бастығы, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. Парламент мәжілісіне Nur Otan партиясынан сайланған VI шақырылым депутаты және саяси кеңестің мүшесі болды. 2019 жылдан 2021 жылға дейін Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары қызметін атқарды.