Генерал-майор Қайдар Қарақұлов тергеу изоляторынан босатылды

Бас прокурордың көмекшісі қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қажеттілігінің болмауына байланысты Қарақұловты уақытқа ұстау изоляторынан босатты, — деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Естеріңізге салайық, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бұрынғы қолбасшысы Қайдар Қарақұлов Жамбыл облысындағы өрт пен жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс аясында күдікті деп танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.