Басты бетЖаңалықтарҚазақстаннан Тәжікстанға ұшатын рейстер саны артады

Қазақстаннан Тәжікстанға ұшатын рейстер саны артады

Somon Air тәжік әуекомпаниясы 2022 жылдың 25 сәуірінен бастап Душанбеден Алматыға халықаралық рейстердің санын Б737 типті әуе кемелерінде аптасына 1 рейстен 2 рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Қазақстандық Air Astana әуекомпаниясы 1 мамырдан бастап Душанбе және Алматы арасындағы рейстер санын аптасына 1 рейстен 3 рейске дейін және 1 маусымнан А320 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 3 рейстен 4 рейске дейін арттырмақ. Осылайша елдер арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 6 рейске жетеді, — делінген министрлік хабарламасында.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да