Elbasy.kz сайтының хабарына қарағанда, Нұрсұлтан Назарбаев «Менің Қазақстаным – менің жерім» атты балалар шығармашылығы фестивалі аясында тұңғыш президент музейінде ұйымдастырылған картиналар мен қолөнер көрмесін тамашалады.
Нұрсұлтан Назарбаев көрмеге қатысушы жас суретшілермен сөйлесіп, музейдің тақырыптық залдарындағы жаңа экспонаттармен танысты.
Айта кетейік, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстанда көпшілік алдына алғаш рет шығып отыр. Ол 28 қаңтардағы Nur Otan (қазіргі Amanat) партиясының кезектен тыс ХХІ cъезіне онлайн қатысқан еді.