ҰҚК шекара қызметінің экс-басшысы Нұрлан Жоламанов түрмеден шықты

Мұны Семей қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Семейдің №2 соты азамат Ж. өтініші бойынша жазаны өтеуді шартты жазаға ауыстыру туралы материалдарды қарады. Оның заңда белгіленген жаза мерзімінің бір бөлігін өтегенін, жазаны өтеу кезінде өзін жақсы жағынан көрсеткенін, іс жүргізу шығындарын төлегенін, сот үкімі бойынша азаматтық талап қоймағанын, жазасын өтеу кезінде 19 көтермелеуі бар екенін, жазаны өтеу мерзіміне қосымша ақы аударылғанын, сонымен қатар осы мекеменің қоғамдық өміріне және тәрбиелік шараларына белсенді қатысқанын ескере отырып, жазаны толық өтеудің қажеті жоқ деп ұйғарды, — делінген хабарламада.

Астана мамандандырылған ауданаралық әскери сотының 2015 жылғы 6 наурыздағы үкімімен Жоламанов мүлкі тәркіленіп, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеумен 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Мерзімі 2014 жылы 27 қазанда басталған, 2025 жылы аяқталуы керек.

Бірақ сотталушы шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандыруды сұрады. Сотталушының адвокаттары сотталушының өтінішін қолдады. Мекеме өкілі де қарсы болған жоқ.

Семей прокуроры да Нұрлан Жолдамановтың өтінішін қанағаттандыруын өтінген.

Сот келесі негіздер бойынша азамат Ж-ның шартты түрде мерзімінен босату туралы өтінішін қанағаттандыру қажет деп тапты. Жоғарғы соттың 02.10.2015 жылғы №6 нормативтік қаулысының 9-тармағына сәйкес және сипаттамалық деректерді ескере отырып, сот оны оң өзгерістер ретінде түзету және жазаны одан әрі өтеу үшін негіз жоқ деп бағалады. Сонымен бірге бірқатар ауыр сырқаттары бар екенін де ескерді, — деді қалалық сот.

Сот актісі әлі заңды күшіне енген жоқ.