Қарағанды облыстық мәслихатының XII, кезектен тыс сессиясында өңірдің жаңа әкімшілік-аумақтық бөлінісі талқыланды.
Соған сәйкес, Ұлытау облысына Жезқазған, Қаражал, Сәтбаев қалаларын, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарын қосу ұсынылды.
Қарағанды облысында Қарағанды, Балқаш, Саран, Теміртау, Шахтинск және Приозерск қалалары, сонымен қатар жеті аудан: Абай, Ақтоғай, Бұқар Жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров және Шет аудандары қалады.
Облыстың экономика басқармасының басшысы Азамат Мұқановтың айтуынша, өңірлердің дұрыс бөлінгеніне қатысты ғалымдар пікірі алынды. Ғылыми сараптама Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде жасалды. Қайта құру бойынша тиісті экономикалық есептеулер жүргізілген. Енді үкіметке Қарағанды облысының шекарасын өзгерту туралы ұсыныстар енгізіледі.
Шешім тексерілді. Аймақтың бөлінуі барлық жағынан қарастырылған. Тұрғындардың пікірлері ескерілді, — деді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.
Айта кетейік, 16 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында Ұлытау облысы құрылатынын айтты. Оның орталығы Жезқазған болады.
