Биыл мектептерде аттестат табыстау шаралары қалай өтеді?

Оның айтуынша, оқу жылының аяқталуы бойынша дәстүрлі түрде екі шара өткізіледі, олар – 25 мамырдағы соңғы қоңырау және 11-сыныптың қорытынды аттестаттауынан кейін жалпы орта білім туралы аттестатты салтанатты тапсыру.

Олар барлық өткен жылдар секілді қажетті мерзімде өтеді. Биыл соңғы қоңырау 25 мамырда болады. Әр мектеп бұл шараны өз қалауынша ұйымдастырады. Салтанатты аттестат тапсыру да – балалардың өміріндегі алғашқы маңызды құжат алуы, сондықтан бұл шара да өткізіледі және оған білім беру ұйымы жауапты болады, — деді Шолпан Қаринова сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында.

Шолпан Қаринованың дерегінше, білім министрлігі мектеп бітіру кешін өткізу туралы ұсынымдар әзірлеп жатыр.

Министрлік осындай ұсынымдар әзірлеп жатыр. Оқу жылының аяқталуына әлі бір жарым ай бар. Біз бұл ұсынымдарды дайындаймыз, әріптестеріміз бен БАҚ хабардар болатындай жариялаймыз. Бұл жаңадан пайда болған шара емес, жыл сайын өтіп келе жатыр. Өткен жылдары карантин болды. Ал биыл аттестатты салтанатты тапсыру мектеп қабырғасында міндетті түрде өтеді. Басқа да ұсынымдарды тіземіз және жариялаймыз, — деді вице-министр.