2022 жылы 20 сәуірден бастап ирандық «Kish Air« әуе компаниясы Тегеран – Алматы және Горган – Ақтау бағыттарында тұрақты негізде, әр бағыт бойынша аптасына 1 рейс жиілікпен халықаралық ұшуды орындауды жоспарлап отыр. Рейстер сәрсенбі (Горган – Ақтау) және бейсенбі (Тегеран – Алматы) күндері A321 және MD-82/83 типті әуе кемелерінде орындалады, — делінген хабарламада.
Ұшу кезінде санитарлық-эпидемиология талаптары қатаң сақталады және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сайкес жүзеге асады.