Алматыда бірнеше көшенің атауы өзгереді

Алатау ауданы Нұркент шағын ауданы бойынша:

  • №1 жобалық атауы бар көшеге Аднан Мендерес есімі беріледі.

Бостандық ауданы Ерменсай шағынауданындағы атаулар өзгереді:

  • № 2 жобалық атауы бар көше — Жақсылық Үшкемпіров көшесі;
  • № 4 жобалық атауы бар көше — Қаршыға Ахмедияров көшесі;
  • № 5 жобалық атауы бар көше — Шолпан Жандарбекова көшесі.

Бостандық ауданының Нұр Алатау шағынауданы бойынша:

  • № 12 жобалық атауы бар көшеге Ғазиза Жұбанова есімі беріледі;
  • № 13 жобалық атауы бар көше — Кәкімбек Салықов көшесі.

Бостандық ауданы Нұрлытау шағынауданы бойынша:

  • № 6 жобалық атауы бар көшені Роза Жаманованың құрметіне атайды.

Медеу ауданы бойынша:

  • № 2  жобалық атауы бар көше — Тимофей Седельников көшесі;
  • № 7 жобалық атауы бар көше — Мәшһүр Жүсіп көшесі.

Медеу ауданының Алатау шағынауданы бойынша:

  • № 14 жобалық атауы бар көше Лев Гумилевтің құрметіне аталады.

Алматы мәслихатының тұрақты комиссиясының және Алматының ономастикалық комиссиясының, республикалық ономастикалық комиссияның оң қорытындылары қабылданды.

Құжат 27 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» веб-сайтында жарияланды.