Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын, — делінген жарлықта.
Тамара Дүйсенова 1965 жылы қазіргі Түркістан облысында туған. Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірген. Еңбек жолын Сарыағаш ауданында информатика пәнінің мұғалімі болып бастаған. Сарыағаш ауданы әкімі, Шымкент әкімі аппаратында жұмыс істеді, қазіргі Түркістан облысы әкімінің орынбасары болды.
Ұзақ жыл ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары, министрліктің жауапты хатшысы болып қызмет етті. 2013-2018 жылдары осы ведомствоны басқарды.
2018-2019 жылдары Nur Otan (қазіргі Amanat) партиясының хатшысы болды. 2019 жылғы шілдеден 2020 жылғы мамырға дейін «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті қызметін атқарды.
2020 жылғы мамырдан қазірге дейін президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болды.