Басты бетЖаңалықтарСерік Шәпкенов...

Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі қызметіне тағайындалды

Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылсын, — делінген жарлықта.

Серік Шәпкенов 1979 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауылында туған. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін экономист-математик мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастады. Түрлі жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты құрылымында жұмыс істеді.

2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.

2015-2016 жылдары — президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, 2016-2018 жылдары Атырау әкімінің қызметін атқарған.

Айта кетейік, Серік Шәпкенов 2021 жылы қаңтарда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалған еді.