Қазақстандағы жалғыз әйел әкім қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының жарлығымен Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі лауазымынан босатылды, — делінген құжатта.

Гүлшара Әбдіқалықова 1965 жылы Қызылорда облысында туған. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технология институтын тәмамдаған. Еңбек жолын Қызылорда облыстық халықты әлеуметтік қорғау басқармасынның аға инспекторы болып бастады.

Гүлшара Әбдіқалықова ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, вице-министрі, «Мемлекеттік аннуитет компаниясы» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы, президент жанындағы әйелдер ісі және отбасы-демография саясаты жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы, президент кеңесшісі, ҚР мемлекеттік хатшысы, ҚР премьер-министрінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалғанға дейін ҚР парламенті мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетін басқарды.