Біз мемлекет басшысының қаңтар айының басында берген тапсырмаларын іске асыруға, сонымен қатар түрлі бағдарламалық құжаттарға ақша аламыз. Ұлттық қор басқалармен қатар контрциклдік бюджетті жүргізудің құралы. Ұлттық қордың бірнеше функциялары бар: жинақ, тұрақтандыру және дағдарысқа қарсы. Бұл процесс қалыпты. Бұл контрциклді бюджет саясатының бір бөлігі, — деді Әлібек Қуантыров.
Оның айтуынша, мұнай бағасының өсуі мен доллар бағамының жоғары болуына байланысты ұлттық қорға қосымша кіріс түседі деп күтіліп отыр.
Қазір ұлттық қорда 55-56 миллиард доллар бар, — деді министр.