Президентке ұлттық қордағы активтердің жай-күйі туралы баяндалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. 

Мемлекет басшысына ұлттық банктің 2022 жылғы 1-тоқсанда  жүзеге асырған ақша-кредит саясатының алдын ала қорытындылары жөнінде, сонымен қатар қаржы және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берілді.

Президентке сыртқы және ішкі нарықтардағы ахуал туралы баяндалды. Ғалымжан Пірматов валюта нарығында қалыптасқан үрдістер, ұлттық банктің алтын-валюта резервтері мен ұлттық қордағы активтердің жай-күйі туралы айтты.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевқа инфляцияның қарқыны, банк жүйесіндегі депозиттер құрылымының өзгеруі, зейнетақы активтерінің жағдайы мен төлем жүйесінің дамуы жөнінде мәлімет берілді.

Кездесу соңында мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз