Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алматыда адам өлтірді деген күдікті белгілі дәрігерді атқаны анықталды

Юрий Шумков. Фото: Gastroenterologii-too-med.obiz.ru/

Гастроэнтерология институтында жұмыс істеген белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумковқа аңшы мылтығынан оқ атылғаны белгілі болды.

Дәрігердің әріптестерінің айтуынша, күдікті емхана есігі алдында жәбірленушінің басына оқ атқан.

Аса ауыр қылмыс 4 сәуірде таңертең Бостандық ауданында болған. Ақпарат «102» пультіне сағат 8:59-да түскен.

Аңшы мылтығы оғынан 1975 жылы туған Ш. есімді азамат қаза тапты. Қылмыс «ізі суымай» ашылды. Күдікті «Ұстау» арнайы жоспары барысында Алматының Алатау ауданы аумағында ұсталды, — деді Алматы полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда адам өлтірді деген күдікті ұсталғанын хабарлаған едік.

Мақалаға реакция