Досаев мәдениетті дамытуға көңіл бөлуге дайын екенін айтты

Алматы әкімі кездесуге қатысушыларға Қазақстан мәдениетіне қосқан үлесі үшін алғысын білдірді, сонымен бірге шығармашылық зиялы қауымның жастарды адамгершілікке тәрбиелеудегі және өнер мен әдебиет арқылы қоғамға жоғары жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңірудегі маңызды ролі мен маңызы туралы айтты.

Екі сағаттан астам уақытқа созылған кездесу барысында зиялы қауым өкілдері өнер мен әдебиеттің даму деңгейі, шығармашылық шеберханаларды ұйымдастыру қажет екені, дәстүрлі музыканы дамыту, қала музейлерін жаңғырту және тағы басқа мәселелерді көтерді.

Ерболат Досаев Алматы еліміздің мәдени және ғылыми орталығы екенін, сонымен бірге шығармашылық жобаларды іске асыруға жәрдемдесуге және жалпы өнер мен мәдениетті дамытуға көңіл бөлуге дайын екенін айтты.

Қала әкімі шығармашылық интеллигенция өкілдеріне идеясы үшін алғысын білдірді.