«QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» АҚ мәліметінше, Қазақстан Республикасының ұлттық павильоны әлемнің 192 елі арасында 2-орынға ие болды және басты жүлде «Көрме тақырыбын ашу» аталымы бойынша күміс жүлде алды.
Сонымен қатар Қазақстан павильоны халықаралық Exhibitor Magazine журналының нұсқасы бойынша Best Presentation номинациясында бірінші орынды және Best Large Pavilion номинациясында үшінші орынды жеңіп алды. Қазақстан павильоны EXPO 2020 Dubai көрмесінде Топ-10 павильондары қатарында. Жалпы көрме ашылғалы павильонды 1 миллион 617 мың адам тамашалады, — деді компаниядан.
Айта кетейік, «Көрме тақырыбын ашу» аталымы бойынша бірінші орынды – Германия, үшінші орынды Италия иеленді.