Тоқаев қаржы-экономикалық мәселелер жөнінде кеңес өткізді

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысы әлемдегі геосаяси жағдайдың құбылмалы болуы біздің экономикамызға айтарлықтай әсер еткенін атап өтіп, мемлекеттік органдардың үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі қажет екенін айтты.

Жағдай күн сайын өзгеріп жатыр, өте құбылмалы кезең. Сондықтан біз барлық сын-қатер мен мүмкіндікті нақты әрі тез анықтап, әр қадамымызды нық басуымыз керек. Қабылданатын шешімдер барынша салмақты болғаны жөн. Бірақ созбалаңға салмай, шұғыл шараларды қолға алуымыз керек. Қағазбастылыққа жол бермеу қажет, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

8bb5047d7f0c9b0c046c57d4e372f65c Тоқаев қаржы-экономикалық мәселелер жөнінде кеңес өткізді
Фото: Аkorda.kz

Жиын барысында премьер-министр Әлихан Смайылов экономиканың қазіргі жағдайы мен оның дамуына қатысты болжамдар туралы баяндады. Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясаты жөнінде есеп берді. Премьер-министрдің орынбасары — қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2022 жылға арналған республикалық бюджеттің нақты параметрлері туралы мәлімет берді.

Сонымен қатар іс-шарада бюджет шығындарын оңтайландыру, көктемгі егіс науқанына дайындық барысы, экспорт саясатын дамыту, инвестиция тарту және көлік логистикасын жетілдіру, сонымен қатар халықтың табысын арттыру бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша мемлекет басшысы үкімет пен президент әкімшілігіне еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне қатысты бірқатар тапсырма берді.

8c4075ca91885c27cd976b9317493b16 Тоқаев қаржы-экономикалық мәселелер жөнінде кеңес өткізді
Фото: Аkorda.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да