VII Baiqonyr халықаралық фильм фестиваліне өтініш қабылдау басталды

Биыл фестиваль Алматыда 7-11 қыркүйек аралығында өтеді және төрт бағдарламадан тұрады:

* Негізгі конкурс (көркем және деректі халықаралық қысқаметражды кино);

* Ұлттық байқау (көркем және деректі қысқаметражды кино);

* Музыкалық видео байқауы (клипмейкерлерге);

* Анимациялық байқау.

Негізгі байқауға және музыкалық видео байқауына қатысушылар 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін тіркеле алады.

Ұлттық және анимациялық байқауларға қатысқысы келетіндердің дедлайны — 2022 жылғы 1 тамыз.

Фестиваль ұйымдастырушылары негізгі байқауға 2021-2022 жылдары ТМД және Грузия кинематографистері түсірген, ұзақтығы 30 минутқа дейін және кинотеатрда көрсетуге техникалық жағынан жарамды қысқаметражды көркем және деректі фильмдер қабылданатынын айтты.

Ұлттық конкурсқа Қазақстан кинематографистері 2021-2022 жылдары түсірген, ұзақтығы 30 минутқа дейін және кинотеатрда көрсете алатындай қысқаметражды көркем, деректі фильмдер қабылданады.

Музыкалық видео байқауына қатысуға 2021-2022 жылдары ТМД елдерінің кинематографистері түсірген кинотеатрдан көрсетуге техникалық жағынан жарамды видеоклиптер қабылданады.

Анимациялық байқауға қатысуға 2021-2022 жылдары қазақстандық кинематографистер түсірген, ұзақтығы 30 минутқа дейін қысқаметражды фильмдері қабылданады. Жұмыс кинотеатрдан көрсететіндей деңгейде болуға тиіс.

Қатысуға өтініш беру үшін фестивальдің ресми сайтында электрон форманы толтыру қажет.