Нұр-Сұлтандағы «Қазмедиа» орталығынан өрт шықты

Ведомство мәліметінше, бүгін сағат 20:41-де Нұр-Сұлтанның ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері «Д.Қонаев көшесі, 4» мекенжайында орналасқан ғимаратқа шұғыл шақырту бойынша жеткен.

Өрт сөндірушілер келгеннен кейін паркингтегі трансформатордың жанып жатқаны анықталды. Адамдар қауіпсіз жерге шықты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта оқиға орнында төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 13 маманы мен 3 техникасы жұмыс істеп жатыр,- деді министрліктен.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты қатты желдің салдарынан «Қазмедиа орталығы» ғимаратының электрмен жабдықтау жүйесіне су тиді. Жағдай анықталып жатыр, шатырдың ішінара зақымдануы мүмкін.

Депода қосалқы станцияның тұтануы нәтижесінде сағат 20:15-те теле және радиоарналардың эфирлері ажыратылды.

Ғимараттың құлақтандыру жүйесі қосылды және барлық персоналды эвакуациялау бойынша шаралар қабылданды. Техникалық қызметтер аварияның салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.