Отырысқа премьер-министр, парламент мәжілісінің төрағасы, мемлекеттік хатшы, президент әкімшілігінің басшысы және оның орынбасарлары, сонымен бірге орталық сайлау комиссиясының төрағасы қатысты.
Мемлекет басшысы жиынға қатысушылардың ұсыныстарын тыңдап, биылғы жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын тиімді жүзеге асыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді, — делінген хабарламада.