Ұйымдасқан қылмыстық топтан автомат пен жарылғыш заттар тәркіленді

Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.

Жүргізілген арнайы операцияның нәтижелері бойынша, ұсталғандардан екі «Калашников» автоматы, бес аңшылық келте мылтық, екі жауынгерлік тапанша, «Калашников» пневматикалық автоматы, «Ф-1» қорғаныс қол гранатасы, оқ өтпейтін екі кеудеше, аңшылық пышақ, түрлі калибрлі 350-ден астам оқ-дәрі, 5 700 АҚШ доллары және 107 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражат тәркіленді.

1536ad90710ecfea7ba95ee9255b71b0 Ұйымдасқан қылмыстық топтан автомат пен жарылғыш заттар тәркіленді
Фото: Рolisia.kz

Ұсталған адамдардың өзге де ауыр және аса ауыр қылмыстарға, оның ішінде қаңтар айының басында орын алған жаппай тәртіпсіздік кезінде жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

da8c002b4e22aea16dfe1b549f07dd66 Ұйымдасқан қылмыстық топтан автомат пен жарылғыш заттар тәркіленді
Фото: Рolisia.kz

Ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа да қатысушыларын анықтау және ұстау бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Ұсталған адамдарға қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды. Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

7e19ac33d7ce8541a9259e33d54e98db Ұйымдасқан қылмыстық топтан автомат пен жарылғыш заттар тәркіленді
Фото: Рolisia.kz

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да