Басты бетЖаңалықтарПрезидент қызметі...

Президент қызметі туралы үштомдық жинақ жарық көрді

Аталған жинақта мемлекет басшысының ішкі саяси іс-шараларда, шетелде өткен жиындарда сөйлеген сөздері және оның отандық, халықаралық мәселелерге қатысты үндеулері мен мәлімдемелері қамтылған.

Сонымен қатар, кітапқа Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021-2022 жылдардағы Қазақстан халқына арнаған жолдаулары енген.

Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Кемелұлының бір жылғы қызметінің қорытындысы ретінде осы жинақты көрермендерге ұсынып отыр. Сонымен қатар жинақта мемлекет басшысының қатысуымен өткен іс-шараларда түсірілген суреттер берілді. Кітапта жарияланған материалдарды қызығушылық танытқан зерттеушілер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін құнды әрі пайдалы құжат деп санаймыз, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, мемлекет басшысының сөйлеген сөздері осымен үшінші жыл жинақ болып шығып отыр.