Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Ауа райына байланысты республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Фото: Александр Куприенко

«ҚазАвтоЖол» республикалық маңызы бар тасжолдың бес бөлігінде көлік қозғалысы шектелгенін хабарлады. Қар жауу, боран және нашар көрінуге байланысты қазіргі уақытта мына бағыттар жабық:

Ақмола облысы

24 наурызда сағат 18:00-ден бастап Қостанай облысында ауа райының нашарлауына байланысты Жезқазған — Петропавл автожолында барлық көлік түрлерінің қозғалысы шектелді, 377-440 километр, учаске: Қостанай облысының шекарасы — Державинск.

Қарағанды облысы

22 наурызда таңғы сағат 7:00-ден бастап Жезқазған — Петропавл автожолында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді, километр 142-252, учаске: Сарлық ауылы — Қостанай облысының шекарасы.

24 наурызда сағат 11:45-тен бастап Екатеринбург — Алматы автожолында, 1 473-1 505 километрде, учаске: Солтүстік-Шығыс айналма жолы.

Қостанай облысы

2022 жылғы 22 наурызда сағат 07:45-тен бастап Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты Жезқазған — Петропавл, 252-340 километр автожолында барлық автокөлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, учаске: Қарағанды облысының шекарасы — Арқалық.

2022 жылғы 24 наурызда сағат 18:00-де ауа райының нашарлауына байланысты Жезқазған — Петропавл тас жолының 340-377 шақырымы, Арқалық — Ақмола облысының шекарасы учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Жолдардағы қолайсыз ауа-райының зардаптарын жоюға 600-ден астам арнайы техника мен 1 100 жол қызметкері жұмылдырылған. Жолдарға көктайғаққа қарсы 5 500 текше метр материал жұмсалды.

Айта кетейік, 19-25 наурыз аралығында Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Қостанай және басқа да облыстарда 112 жол шектеуі енгізілген болатын.

Қысқы жөндеу жұмыстары күшейтілген режимде жалғасып жатыр. Төтенше жағдайда 1 403 қысқа нөміріне қоңырау шалу қажет.

Мақалаға реакция