Медеу мен Шымбұлақ жолдарына бақылау бекеттері қойылды

Бұл туралы Алматы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Биіктік пен Кіші және Үлкен Алматы өзендерінің бассейндеріндегі қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты 25-28 наурыз аралығында қар көшкіні жүру қаупі сақталады, — делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, 24 наурызда сағат 08:40-тан 10:40-қа дейін «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Кіші Алматы өзені бассейнінде қар көшкінін алдын алу жұмыстары жүргізілді.

Жұмыстардың нәтижесінде 600 текше метр қар массасы төгілді,- делінген хабарламада.

Осыған байланысты қалалық ТЖД туристер мен демалушыларды таулы аймақта серуендеуден бас тартуды сұрайды.