Египеттегі қазақстандық туристер елге қай күндері қайта алады?

Бұл туралы әуекомпанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Шарм-эль-Шейх — Алматы бағыты бойынша ұшулар 3, 5, 6, 8 желтоқсанда жүзеге асырылады. Ал Шарм-эль-Шейх — Нұр-Сұлтан бағыты бойынша рейс 3, 4, 7 желтоқсанда орындалады. Осы рейстерге адам көп келмеген жағдайда репатриациялық рейстер саны қысқартылуы мүмкін.

Қазір Air Astana әуе компаниясы 8 желтоқсанға дейін Египеттен Қазақстанға 1 300-ден аса қазақстандық жолаушыны шығаруды жоспарлап отыр. 3 желтоқсанда және одан кейін рейстерге брондаған жолаушылардың билет құнын толық өтетуге құқы бар, — делінген хабарламада.

Еске салайық, Ведомствоаралық комиссия 3 желтоқсаннан бастап жаңа шектеу шараларын, соның ішінде Египетпен әуе қатынасын тоқтата тұру туралы шешім шығарды. Мұндай шараны қабылдауға коронавирустың жаңа «омикрон» штамы себеп болды.