Алматы облысында таулы жерде қалып кеткен 52 адам эвакуацияланды

Алматы облысының құтқарушылары таулы аймақта сынып қалған автобус жолаушыларын эвакуациялады, онда 52 адам болған,- делінген хабарламада.

Автобус Еңбекшіқазақ ауданының Нұра ауылынан 25 шақырымдағы Көкпекті асуы маңында Бұғыты тауында сынған.

Туристердің барлығы Алматы тұрғындары. Олар ең жақын елді-мекенге жеткізілді. Эвакуацияланған адамдар ол арадан жолай ұстаған көліктермен Алматыға жетіп алды.