«Алматы-1» станциясында майнинг фермасы анықталды

Оның айтуынша, «Алматы-1» станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Құндызды станциясының теміржол төсемі аумағынан майнинг жұмыстарына жабдықталған бөлмені анықтады.

Көлік полицейлері криптовалюталарды өндіруге арналған 130 қорап майнинг техникасын, сонымен қатар қатты дискілер мен жабдықтың қосалқы бөлшектерін тауып, тәркілеген. Факт бойынша соталды тергеу басталды, қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, — деді полиция генерал-майоры.