Қажырлы еңбек, көмектесуге деген адал ниетіңізбен барлық отандасқа үлгі болдыңыз. Бірге Қазақстанның қайта құру процесін сәтті бастайтынымызға, жаңа Қазақстанды — жаңа мүмкіндіктер елін құратынымызға сенемін, — деді президент марапаттау рәсімі кезінде.
Мемлекет басшысы 16 наурызда Қазақстан халқына жолдауын жариялағанын, оның басты мақсаты — тәуелсіздікті сақтау және Қазақстанды дамыған мемлекетке айналдыру екенін еске салды.
Жаңа Қазақстан бұл — абстракция идея емес, болашақтың айқын бейнесі. Әрқайсыңыз ынтымақ пен бірлік құндылықтарына адал екеніңізді іс жүзінде көрсетіп отырған нағыз патриотсыздар, — деді Тоқаев.
Айта кетейік, президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан зор үлесі, белсенді қоғамдық қызметі, азаматтарды құтқару мен қорғауда көрсеткен жеке жанкештілігі, қоғамдық тәртіпті сақтауға атсалысқаны үшін азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады.