Есеп комитеті жоғарғы есеп палатасы болып қайта құрылады

Оның айтуынша, есеп комитетінің міндеті бюджет қаражатының сыртқы аудитін қамтамасыз ету. Сонымен бірге оның функциялары үнемі жетілдіріліп отырады.

Осылайша, 2016 жылдан бастап есеп комитеті республикалық бюджет жобасына алдын ала бағалау жүргізіліп жатыр, бұл бюджеттің тиімсіз шығыстарын қысқартуға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, есеп комитеті жоғарғы есеп палатасы болып қайта құрылады. Бұл ретте парламенттік бақылау күшейтіледі. Мұндай тәжірибе кейбір дамыған елдерде бар,- деді қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев

Министрдің айтуынша, бұл үшін бірқатар заңнамалық актілерге, соның ішінде конституцияға өзгерістер енгізу қажет.