Видеоны дайындаған: Бекзат Исамбергенов
Қажет ингредиенттер:
- Сүр ет пен қазы;
- Арпа;
- Тары;
- Бидай;
- Кеспе;
- Құрт немесе сүзбе (қатық);
- Тұз;
- Су.
- Ең әуелі қазанға су құямыз. Оған сүр ет пен қазыны салып, 2-2,5 сағат қайнатамыз. Сорпаның көбігін алып тастаймыз. Қайнаған соң тұз қосамыз.
- Сүр ет пен қазы піскен соң оны сүзіп алып, тураймыз. Кейін қайтадан сорпаға саламыз.
- Арпаны сумен шайып аламыз, кейін қайнатамыз. Шамамен 10-20 минутта піседі.
- Тары мен бидайды да дәл осылай бөлек дайындаймыз.
- Дайын дән-дақылды суытамыз. Кейін барлығын сорпаға қосып, жақсылап араластырамыз.
- Қолдан қамыр жайып, кеспе жасаймыз немесе дайын кеспені сорпаға салып, пісіреміз. Кеспе шамамен 5-10 минутта дайын болады.
- Көже суыған соң сүзбені (қатық) немесе құртты үгітіп қосамыз.
Наурызкөже дайын! Ас болсын!