Елімізде кешенді қала құрылысының жаңа стандарттары енгізіледі

Стандарт бос учаскелерде жаңа құрылыс кешендерін салу, бар құрылысты қайта құру және қала аумағын абаттандыру мәселелерін қамтиды.

Құрылыс үрдісі тұрғындардың қауіпсіздігі мен денсаулығы сияқты қағидаларды ескере отырып, жүзеге асырылады. Бас және егжей-тегжейлі жоспарларды сапалы әзірлеуді, сонымен бірге оларды іске асыруды қамтамасыз ету үшін барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына бірыңғай қала құрылысы сараптамасын енгізу жоспарланып отыр,- делінген хабарламада.

Бірыңғай қала құрылысы сараптамасын енгізу сапалы жоспарлауды, бастапқы материалдарды кешенді тексеруді, қала жобаларын әзірлеу және келісу талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді деп күтіледі.