Басты бетЖаңалықтарБҚО-да боранға...

БҚО-да боранға байланысты Самара – Шымкент жолы жабылды

«ҚазАвтоЖол» ЖШС БҚО филиалының мәліметі бойынша, 16 наурыз күні жергілікті сағат 08.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар Самара-Шымкент (266-394 километр, Подстепный ауылынан Жымпитыға дейін) жолында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

Жабылу себебі – боран, жолдың нашар көрінуі.

Бұдан бұрын дәл осындай себеппен түнгі сағат 00.00-ден аталмыш жолдың Жымпитыдан Ақтөбе облысына дейінгі аралығы (394-525 километр) жабылған еді. Осыған байланысты БҚО төтенше жағдайлар департаменті аталған бағытта тұрғындарға жолға шықпау керектігін жеткізді.