Алматыда қалың қар жауады — Қазгидромет

Қала әкімдігі тұрғындардан коммуналдық қызметтің жұмысына түсіністікпен қарап, жеке көліктерін жол шеттеріне қойып кетпеулерін сұрайды.

«Қазгидрометтің болжауынша, ақпанның 3-інен 4-іне қараған түні қар көп түседі. Түнде және таңертең жолдарда қар тазалайтын техникалар жұмыс істейді, осыған байланысты жол қозғалысында қиыншылықтар туындауы мүмкін», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, еліміздің басым аймақтарында ауа райы тұрақсыз: солтүстік аймақтарда қар жауып, боран тұрса, оңтүстікте жауын-шашын күтілуде. Ал, батыс пен шығыста күн бұлтты болып, ара-тұра ақ ұлпа түседі.

ДереккөзInform.kz