Меншік иесі: «Baribar Media» ЖШС Құрылтайшысы, бас директор: Ербол Серікбай
Бас редактор: Таңшолпан Төлеген
Куәлік нөмірі № KZ55VPY00021155, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі байланыс, ақпарат және ақпараттандыру комитетімен берілген
Мүмкін болса, қанша жасқа дейін өмір сүргіңіз келеді?
Тест: қай ағаш сізге ұқсайды?
Бакаут!
Бакаут – ең қатты және ауыр ағаштың бірі. Дегенмен ол суға оңай батып кетеді. Сіз де осы ағашқа ұқсайсыз. Сырттан қарағанда қатаң, жігерлі болып көрінесіз, бірақ іштей жұмсақ, нәзік болуыңыз мүмкін.
Қарағай!
Қарағай – баяу өсетін, аязға төзімді ағаш. Жарықты, күннің көзін сүйеді. Қарағайға ұқсасаңыз, мінезіңіз ашық-жарқын көпшіл адам шығарсыз?! Оқиғаны, ақпаратты баяу қабылдайсыз. Дегенмен күйзеліске төзімдісіз.
Бахрейн
Жалғыздықты ұнатасыз. Өзіңізбен өзіңіз қалып, арман-мақсатыңызды жүйелегенді жақсы көресіз, бір сөзбен айтқанда, тура бахрейн сияқтысыз. Өйткені бұл ағаш Бахрейн шөлінің ең биік нүктесінде, өзге өсімдіктерден жүздеген шақырым қашықта өседі.
Терек!
Терек – дүниежүзінде кеңінен тараған ағаштың бірі. Ол жылдам өседі, бірақ өте нәзік, бұтақтары тез сынып қалады. Сіз де терек сияқтысыз, жаңа ортаға тез бейімделесіз, барлығының көңіл-күйін көтеріп жүресіз. Кез келген істі оңай бастап кететін қасиетіңіз бар, бірақ теректің бұтақтары сияқты сағыңыз сынып қалмасын. Абай болыңыз!