Qazaq Air әуе компаниясы да Ресейге ұшпайтын болды

Qazaq Air әуекомпаниясы сақтандыру ұйымынан Ресей аумағында және оның әуе кеңістігінде сақтандыру өтемінің берілмегені туралы хабарлама алды. Осы жағдайға байланысты компания сақтандыру бойынша мәселе шешілгенге дейін Ресей аумағының үстінен ұша алмайды. Осыған байланысты Новосібірге баратын бүгінгі рейс (2022 жылғы 12 наурыз) тоқтатылды, — делінген ресми хабарламада.

Жолаушыларға билет құны толық қайтарылады.

Билеттерді сатып алған жерден қайтаруға болады. Билет әуекомпаниядан сатып алынса, [email protected] электрон поштасына жазған жөн. Қайтаруға өтінішпен бірге бронь нөмірін және байланыс деректерін көрсету керек. Билет агенттіктен сатып алынса, сатып алған жерге хабарласу қажет, — делінген хабараламада.

Еске салайық, бұған дейін Air Astana Қазақстаннан Ресейге барлық рейсін тоқтатқанын хабарлаған едік.