Air Astana Ресейге барлық рейсін тоқтатты

Air Astana Ресей Федерациясына және сол жақтан келетін коммерциялық рейстерді сақтандыру өтемінің тоқтатылуына байланысты Ресейге қатынайтын және оның әуе кеңістігі арқылы ұшатын барлық рейсті тоқтататынын хабарлайды, — делінген хабарламада.

Әуекомпания рейстерді қайта орындау үшін осыған қатысты сұрақтың бәрін Қазақстан үкіметімен шұғыл түрде талқылап жатыр.

Компания тоқтатылған рейс жолаушыларынан билет ақысын толық қайтару үшін билет сатып алған жеріне хабарласуын өтінді.

Сонымен бірге байланыс мәліметтерін жариялады:

Тел.: +7 727 244 4477 (08.00 — 00.00)
Тел.: +7 7172 584477 (08.00 — 00.00)
Моб: +7 702 702 4477 (08.00 — 00.00)
WhatsApp: +7 702 702 0148 (08.00 — 20.00)
Online chat: airastana.com (24/7)
Сайт: Help.airastana.com
Ресейдегі байланыс:
Тел.: +7 (495) 287 70 08/09
Тел .: +7 (495) 363-50-40
Моб.: +7 985 232 04 36