Назарбаев Ердоғанның шақыруымен Түркияға барды

Мұны оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-де хабарлады.

Түркия Республикасының президенті Режеп Ердоғанның шақыруымен елбасы #ADF2022 дипломатия форумына қатысу үшін Антальяға келді, — деп жазды Айдос Үкібай.

Нұрсұлтан Назарбаев
Фото Айдос Үкібайдың Twitter-парақшасынан

«Анталья дипломатия форумы — өзекті жаһандық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасуға арналған пікірталас алаңы. Бұл форум «дипломатияны қайта кодтау» ұранымен өтеді».