Қаңтар оқиғасында қамалғандардың әлі 669-ы абақтыда

Берік Асыловтың айтуынша, бұл адамдар қанды қаңтар оқиғасынан кейін ұсталып, уақытша ұстау изоляторында отыр.

Ұсталған 56 адамның дене жарақаттары бар. Төрт адам жарақатына байланысты емделіп жатыр. Қалғандары медициналық көмекке мұқтаж емес. Бұлтартпау шарасы өзгертілгеннен кейін 328 адам тергеу изоляторынан босатылды. Бұл адамдарға сот қандай шектеу таңдағаны да айтылмады,- деді Берік Асылов.